Қазақстанда үсік жүреді

370
«Қазгидромет» синоптиктері 31 мамыр мен 1-2 маусымдағы ауа райын болжады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kzсайтына сілтеме жасап.

«Жылудың артынан жаңбыр келеді. Мамырдың соңғы күні Қазақстан аумағының басым бөлігі Сібірдің үстіндегі циклон жырасының ықпалында болады - найзағай ойнап, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Республика бойынша жел күшейеді», делінген хабарламада.

Алайда метеорологтар 1 маусымда Батыс Қазақстанға Солтүстік антициклон әсер ете бастайтынын, ол республика аумағы арқылы шығыс бағытқа ауыса отырып, жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына және температураның көтерілуіне алып кетелітінін айтты.

«1-2 маусымда еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп болжанады», дейді синоптиктер.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.