Маңғыстауға барар жолда жүк көлігі түгі қалмай өртеніп кетті

286
Маңғыстауға барар жолда жүк көлігі өртеніп кетті, - деп хабарлайды "Лада".

Оқиға Жетібай-Құрық тасжолы учаскесінде болған. Жүк көлігі түгі қалмай жанып кеткен.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, құтқарушылар пультіне Қарақия ауданында Mercedes жүк көлігі мен жартылай тіркеме өртенгені туралы ақпарат 1 маусымда сағат 17:25-те түскен. Зардап шеккендер жоқ.


Өртті сөндіруге бес өрт сөндіруші барған. Сағат 17:59-да өрт сөндірілген. Оқиға себебін кезекші тергеуші анықтап жатыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.