Жамбыл облысындағы жарылыстар тағы да жұрттың үрейін ұшырды
332
Былтыр апат болған Байзақ ауданындағы әскери бөлім маңынан шыққан қатты дауыс тұрғындардың зәре-құтын қашырған.Әскери бөлімге жақын жатқан елді мекендердің халқы жыл соңына дейін осындай жағдайда күн кешпек, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Себебі, аймақта былтыр апат кезінде жарылмай қалған оқ-дәрілердің қалдықтары жойылып жатыр екен. Әскерилер бұл процестің адамдарға да, жан-жануарларға да зияны жоқ деп сендіреді. Жарылыстар жайлы жақын маңдағы тұрғындардың бәріне ескертіліпті. Бұл жұмыс қараша айына дейін жалғасады.
Жару жұмыстары дүйсенбіден жұмаға дейін өткізіледі. Жақын жердегі елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аз-аздан жарып жатырмыз. Бір жарғандағы тротилдің салмағы 600-700 келі шамасында,— дейді әскери бөлім командирі Еркін Әбсадықов.