Балық аулап отырған 80 жастағы әйел Сырдарияға құлап кетті

280
Құтқарушылар балық аулап отырып, дарияға батып кете жаздаған 80 жастағы әйелді судан аман-есен алып шықты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

1942 жылы туған әйел дарияның жағасында балық аулап отырған. Әйелдің айтуынша, аяқ астында өсіп тұрған тікенді жұлып алып тастамақ болған сәтте дарияға құлап кеткен.


«Сол маңайда төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оқу-жаттығу өткізіп жатқан. Облыстық төтенше жағдайлар қызметі жедел құтқару жасағының сүңгуір-құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Бағдат Әлжанов пен бөлімше құтқарушысы Еркебұлан Оразбеков әйелдің дарияға құлап кеткенін байқап, көмекке ұмтылған. Құтқарушылар кейуананың өмірін сақтап қалды», – деді департамент өкілі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.