Қарағандылық әйел 2 айлық нәрестесін далаға тастап кеткен...

528
Қарағанды қаласының полиция қызметкерлері наурыз айының 3-і күні түн ортасында Майқұдық үйлерінің бірінің кіреберісіне екі айлық нәрестені қалдырып кеткен әйелді іздестіріп  жатыр. 
Сәби 15-ші ықшам ауданнан табылды. Анасы қызын көрпеге орап, көпқабатты үйлердің  бірінің есігінің алдына қалдырып кеткен. Сол жақтың жергілікті тұрғындары сәби туралы полицияға хабарлаған. Оқиға орнына сол уақытта-ақ жедел жәрдем көлігі шақырылды.
 Нәрестенің денсаулығында төнер қауіп-қатер жоқ екенін мәлімдеді. Бұл факт бойынша қылмыстық кодекстің 119-бабы 1-бөлігі бойынша (Қауiптi жағдайда қалдыру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – деп атап өтті Қарағанды облысы  баспасөз қызметінде.