Қызылордада Baytaq Жасылдар партиясының делегаттары сайланды
Қызылорда облысы бойынша партияның съезіне Сыр елінің атынан қатысатын делегаттар сайланды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
«Жасылдар «Байтақ» Партиясының экологиялық сананың түптамыры болып табылатын «Бостандық» «Әділеттілік» «Ынтымақтастықты Даму» ұғымдарын басты бағыт етіп алған.
“Олигархтардың сырттағы қаржысын елге қайтару керек”, алпауыт компаниялардың қоршаған ортаға және адамға келтірген шығынын азайту мәселесін көтеріп жүрген Азаматхан Әміртай Қызылорда облысына келіп, сыр жастарымен бас қосты. Ол сырлы өңір жұртшылығымен партияның мақсаты мен болашақтағы жоспарымен бөлісіп, партияның делегаттарымен танысты.
Вaytaq Jasyldar Partiasy өткізген жиын барысында, облыстық ұйымдастыру комитеті төрағасы болып Нұрлан Көптілеутегі сайланды.
Сыр елінің табиғатына шынайы жанашыр азаматтары мен экология саласының белсенділері қатысты. Жиын барысында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, табиғатты аялау мақсатында ағаш егілді.
Сонымен қатар, облысымыздың экологиялық аймақ екендігі ескеріліп, Арал теңізі, Байқоңыр мен Сырдарияның бүгінгісі де сөз етілді.