Шығыс Қазақстанда екі шенеунік қамауға алынған

1 509

Фото: Видеодан скриншот КНБШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы 134 млн теңге сома заңсыз сыйақы алған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.


ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алды және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталған.

"Ол жол құрылыс компаниялары және автобус парктерінің өкілдерінен 134 млн теңге сомасына заңсыз сыйақы алған. Тінту барысында тұрғын үйінен 121,9 млн теңге және 97,7 мың доллар тәркіленді", - дейді ведомство.

Сондай-ақ осы өңірдің білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ол мұғалімдердің мемлекеттік аттестаттаудан өтуіне жәрдемдескені үшін жүйелі түрде ақшалай қаражат алған.

Сот санкциясымен екі басшы да қамауға алынған.