Михаил Кукушкин АТР рейтингінің ТОП-100 қатарынан шығып қалды

372
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) жаңартылған рейтингін жариялады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 44-тен 43-орынға көтерілді. Тағы бір қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин сегіз сатыға сырғып, 104-орынға төмендеді. Ал Дмитрий Попко, керісінше, төрт орынға жоғарылап, 180-сатыда тұр.
ТОП-3 тізімінде өзгеріс жоқ: бірінші орында серб Новак Джокович, екінші орында ресейлік Даниил Медведев, үшінші орында испан Рафаэль Надаль