Рафаэль Уразбахтин "Қайрат" футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті
"Қайрат" футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин өз еркімен қызметінен кетті,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Рафаэль Уразбахтин клуб басшылығына өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш берген. Клуб басшылығы оның шешімін қабылдап, өтінішін қанағаттандырды.
Бас бапкердің міндетін бұған дейін "Қайрат-Жастарды" басқарған Жора Арутюнян атқарады. Оның жетекшілігімен команда "Алтайға" қарсы алдағы матчқа дайындалмақ.
"Қайрат" футбол клубы Рафаэль Уразбахтинге атқарған жұмысы, кәсібилігі, клуб тарихына қосқан үлесі алғыс айтты.
Еске салсақ, бұған дейін "Ордабасы" футбол клубы мерзімінен бұрын Қазақстан чемпионы атанғаны туралы жазған едік.
25 қазанда Ақтөбедегі Орталық стадионда өткен "Ақтөбе" мен "Қайрат" футбол клубтары арасындағы кездесу 2:2 есебімен аяқталды.
Бұл нәтиже алматылық клубты чемпиондық мүмкіндігінен айырды. Маусымның аяқталуына бір тур қалғанда "Қайраттың" еншісінде 64 ұпай болса, "Ордабасы" 68 ұпай жинаған. Осылайша, шымкенттік команда ең жақын қарсыласынан ұпай саны бойынша озып, чемпиондық атақты мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.
Қаз
Рус






