Қазақстан футбол федерациясы мемлекеттік қаржыландырудан бас тартты
257
Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин Франциямен өткен матч жайлы пікір білдірді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
"Алдымен жанкүйерлерден сәтсіз ойын үшін кешірім сұраймыз. Әр жеңіліс бізге де оңайға тимейді. Негізгі құрамдағы футболшылардың көбі ойнамағандықтан, Франция құрамасына қарсы лайықты ойын көрсете алмадық. Бізде ұлттық құраманың қоры жоқ екенін айта кету керек. Команда көшбасшыларын алмастырғандар халықаралық деңгейде ойнауға дайын емес еді.Қоғамдық сынға келер болсақ, өткен және осы жылы Қазақстан футбол федерациясына мемлекеттік бюджеттен 200 миллион теңгеден бөлінді. Бұл қаржы командаларды халықаралық жарыстарға дайындауға жұмсалды. Қандай миллиард туралы айтылуы мүмкін?” – дейді Айтқожин.
“Келер жылдан бастап Қазақстан футбол федерациясы мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдардың қаржыландыруынан бас тарту жайлы шешім қабылдады. Ұйым УЕФА-дан және серіктестер тарапынан түсетін ақшаға қаржыландырылады.
Жақын арада қоғамды алаңдатып отырған негізгі сұрақтарға жауап беру үшін ұлттық құраманың бас жаттықтырушысымен бірге спорт журналистерімен кездесу өткіземіз", – деді ол.