Наурыз мейрамын безендіруге байқау жарияланды

741
Алматы әкімдігінің Мәдениет басқармасы Наурыз мейрамында қаланы безендірудің ең үздік дизайнына байқау жариялады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



Әкімдік мәліметінше, байқауға қатысу үшін қаланы билбордтармен безендірудің ерекше концепциясын жасап, оны альбом түрінде ұсыну қажет.

«Өтінімдерді қабылдау 31 қаңтардан басталып, 20 ақпанға дейін жалғасады. Үздік жұмысты 21 ақпанда Дизайнерлер одағының, Суретшілер одағының, Алматы қаласы Жоспарлау және урбанистика басқармасының, сондай-ақ Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері кіретін жұмыс комиссиясының мүшелері таңдайды.
Байқау нәтижелері Алматы қаласы Мәдениет басқармасының ресми сайтында жарияланады.
Ең үздік дизайн қаланың жарнама алаңдарында орналастырылады, - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.


Айта кетейік, бірінші орын үшін жүлде қоры – 1 млн теңге, екінші орын алғандар – 500 000 теңге, үшінші орынға лайықталғандар 300 000 теңге алады.