Талғат Теменов түсірген соғыс жайлы картинаның тизері жарияланды

1 322

Танымал отандық режиссер Талғат Теменовтың жаңа жобасы - «Қара қыз» фильмінің тизері жарияланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әскери драма Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі сарбаздарымыздың ерлігі мен батылдығы және қазақ қыздарының қайсарлығы жайында баяндайды.


Басты рөлдерді жас актерлер Нұрай Сақтапова мен Ерлан Құлмұрзин сомдап шыққан.


Нұрай үшін бұл кинодағы дебют болса, Ерлан көптеген телехикаялардан белгілі актер.


Сондай-ақ, фильмге танымал актерлер Дулыға Ақмолда, Медғат Өмірәлиев және басқалар түскен.


Картинаның түсірілімі өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысының аумағында, Петропавл қаласының маңында, сондай-ақ Алматы облысының Ақши ауылында өтті.


Фильмнің саундтрегі - «Қарағым-ай» композициясы, оны фильм үшін арнайы Димаш Құдайберген орындайды.


Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен өндіріске енгізілді.


Фильмнің бюджеті - 547 млн 636 мың теңге.


Картинаның премьерасы осы жылдың күзіне жоспарланған.