Әжелер 110 метрлік сырмақ тігуде

2 519

Фото: Алматы ӘкімдігіАлматы қаласының Бостандық ауданында ұзындығы 110 метр болатын бірегей сырмақ әзірленіп жатыр,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Жобаны аудан әкімдігінің қолдауымен «Қазақ аналары» әжелер қауымдастығы жүзеге асыруда.

Бұйым дәстүрлі басу және тігу тәсілдері арқылы қолмен жасалуда. Сырмақ классикалық қазақы ою-өрнекпен көмкеріліп, әрбір өрнек пен әр бөлшегінде ұрпақ сабақтастығы, ұлттық қолөнерге деген құрмет пен мәдени мұраны сақтау ниеті бейнеленген.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жұмысты 21- ші наурызға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Наурыз мерекесінде үлкен сырмақ көпшілік назарына ұсынылады.

Жоба авторлары дайын бұйымды Гиннестің рекордтар кітабына енгізуді көздеп отыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.