"Міржақып. Оян, қазақ!" фильмі үшін дүрлігу болады деп ойламадық - министр

2 806

Ол қазір фильмді кез келген адам YouTube-арнасынан тамашалай алатынын атап өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көрермендердің сұрауымен прокаты бір аптаға ұзартылған "Міржақып. Оян, қазақ!" фильміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкіметте өткен брифингте журналистер министрден фильмнің прокаты басқа кинотуындыларға қарағанда неге қысқа болғанын сұрады.

"Барлық прокаттық ұйымның өз кестесі бар. Біз мұндай дүрлігу болады деп ойламадық, сондықтан бір уақытты таңдадық. Көрермендер осы фильмнің көрсетілімі одан әрі жалғасқанын қалаған соң, біз тағы бір аптаға создық. Қазір прокат уақыты аяқталды. Бізде өз көрерменін күтіп отырған басқа да фильмдер бар. Сол себепті бұл жерде қандай да бір проблема бар деп ойламаймын", - деді Балаева үкіметте өткен брифингте.

Бұл фильм Qazaqstan телеарнасынан үш рет көрсетілген, бірақ ол уақытта аса қатты қызығушылық болмады, бұл парадокс, дейді министр.

Ол қазір фильмді кез келген адам YouTube-арнасынан тамашалай алатынын атап өтті.

"Біздің қазақстандық сериал өніміміз де табысты болады деген үміт бар. Бұған дейін бізде тек нашар және сапасы төмен өнімдер түсіріледі деген стереотип болған. Біздің режиссерлеріміз бен продюсерлік компанияларымыз мақтауға лайықты фильмдер түсіре алады деп айта аламыз", - деді министр.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.