Қажымұқан Мұңайтпасов алғашқы театрдың негізін қалағанын білесіз бе?

2 640

Қазіргі М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының алғаш негізін Қажымұқан Мұңайтпасов қалаған,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мұрағат деректерінде кездескен сол кездегі журналист, жазушы Н.Ановтың жазған мақалалары да мұны дәйектеп тұр. Қажымұқан Мұңайтпасов әр қалада түрлі чемпионаттар ұйымдастырып, әртістердің қатысуымен түрлі жанрдағы іс-шаралар өткізген. Әнші, домбырашы, дарынды жастарды жинап, олардың халық алдында өнер көрсетуіне көмектескен. Ал өзі көрермендерге қара күштен өнер көрсетіп, таңғалдырған. 


1926 жылы Қажымұқан Қызылордада І кәсіби қазақ театрының (қазіргі М.Әуезов атындағы академиялық драма театры, Алматы қ.) негізін қалаған. Күш атасы құрған өнер ордасынан елімізге танымал бірқатар опера, драма, цирк  әртістері шыққан. Сол уақытта өнер ордасында Елубай Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Қапан Бадыров, Қалибек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов сияқты майталмандар өнер көрсеткен. Театрда алғаш рет Қошмұхамбет Кемеңгерұлының "Алтын сақина" және Мұхтар Әуезовтің "Еңлік-Кебек" пьесасынан үзінді қойылған. Кейін театр 1927 жылы академия атағын алған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.