Халықаралық Silk Way Star қатысушыларына Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан марапаттар табысталды

2 558

Фото: Instagram/silkway.starМемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан халықаралық Silk Way Star музыкалық жобасының қатысушылары мен ұйымдастырушыларын марапаттады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"24.kz" мәліметіне сүйенсек, Ерлан Қарин жобаның басты ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Президентінің телерадио кешеніне және Қытайдың China Media Group медиакорпорациясына ризашылық білдірді.

Атап айтқанда, музыка өнеріндегі жарқын жетістіктері мен халықтар достығын нығайтуға қосқан үлесі үшін Silk Way Star жобасының жеңімпазы Мишель Джозеф ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Сондай-ақ бірқатар қатысушы мен ұйымдастырушы Президенттің Алғыс хатына ие болды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.