Қызылорда облысында Нартай Бекежановтың сырнайы табылды
Қызылорда облысында белгілі өнер майталманы Нартай Бекежановтың сырнайы табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Нартай Бекежанов 1890 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген.
1954 жылы Алматы қаласында өмірден өткен.
Ақын халық әндерін шебер орындаумен қатар өзі де әндер («Толқын», «Нартай сазы», «Өсиет терме») шығарды.
Жергілікті өңірде өнер мен мәдениетті дамыту жолында ауқымды еңбек атқарды.
Құнды жәдігер Шиелі ауданы «Төңкеріс» ауылының тұрғыны Бегайым Сейітжанованың сандығында сақталған.
Ауыл тұрғыны Ілесбек қарияның айтуынша, анасы Бегайым әнге бейім, сөзге шешен болған.
1943 жылы 6-7 сынып оқып жүрген кезінде Алматыдан Роза Бағланова келіп, концерт қояды. Сол кеште мектеп оқушылары да ән айтыпты.
Жас таланттың дара дауысын ерекше бағалаған әнші оған өзімен бірге алып кетуге ұсыныс жасайды. Бірақ, қарт әкесі жалғыз қызын жібермепті.
Қазір құнды жәдігер Нартай ән мектебінің жарқын өкілі Дәулетхан Ізбасқанға табысталған.







