Экологияны қорғау мақсатында «Автокөліксіз күн» акциясы өтеді

2 570

Фото: gov.kz«Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасын іске асыру шеңберінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Автокөліксіз күн» челленджі ұйымдастырылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жоба жеке көліксіз жүріп, ауаның ластануын, улы газдардың бөлінуін азайтуға сеп болады.


22 шілдеде кез келген адам челленджге қосыла алады. Ол үшін қатысушылар күні бойы көліктен бас тартуы керек. Ұйымдастырушылар қоғамдық көлікпен, велосипедпен, скутермен немесе жаяу жүруге кеңес береді.

Қатысушылар #Автокөліксізкүн челлендж хэштегтерін қолдана отырып, әлеуметтік желілерде көліксіз қозғалыстарының фотосуреттерін немесе бейнелерін бөлісуі және @birgemiz_taza_alem2022 ұйымдастырушылар парақшасын белгілеу қажет.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.