17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

3 175

Видеодан кадр: Youtube/Dindill studioҰлыстың ұлы күні – Наурыз халықтық мерекені атап өтуге арналған онкүндік өткізу дәстүрге айналған. Әр күн белгілі бір тақырып аясында өтеді. Соның бірі 17 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні деп аталады, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Skifnews.kz порталы сілтеме жасап. 

Бұл тақырып аясында халық жадында сақталып, әлі желісін үзбеген «Тілеу көже», «Сүйінші сұрау», «Балаға ат қою», «Бесікке салу», «Жақсының орнына аунату», «Тұсаукесер», «Ашамайға мінгізу», «Қызды оң босағаға отырғызу», «Бұрымын өру», «Беташар» сынды ғұрыптарынан музыкалық-театрландырылған көріністер қойылады. Ондағы негізгі мақсат - халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы мен жөн-жоралғы, наным-сенімін, халықтың рухани өзегі, тілінің тірегі, төл мәдениетіміздің алтын арқауы, ұлттық ұстанымын насихаттау. Асыл қазынамызды қайта жаңғыртып, жалпы халықтық сипат алуына ден қою, жас ұрпақтың бойына сіңіру, ұлт құндылығын насихаттау.



Әдет-ғұрып салтымызды бүгінгі заманауи бағытта тұпнұсқаға сай мән-мазмұны, шығу тарихы, дамыту жолдарын саралап, қайта жаңғырған бай қазынамызға айналдыру. Ал қазақтың құндылығы оның салт-дәстүрінде.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.