Президенттік шыршаға еліміздің әр өңірінен 100-ден астам бала қатысты
Салтанатты шараға еліміздің барлық өңірінен оқу, спорт, шығармашылық және қоғамдық салада жетістікке жеткен, сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы 100-ден астам бала қатысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекелік бағдарлама балалардың қызығушылығын арттыруға және есте қаларлық әсер сыйлауға бағытталған. Президенттік шыршаға келген балалардың ішінде Ақтөбе облысының оқушысы Аль-Фараби де бар.
Сондай ақ Аль-Фараби сұхбат барысында «Молдабай» әнін шырқап берді.
Іс-шара екі негізгі бөлімнен тұрды. Алдымен балаларға арналған интерактивті аймақ жұмыс істеді. Аталған аймақта бес арнайы бекет ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, қатысушылар VR көзілдірігі арқылы виртуалды кеңістікке саяхат жасады, аквагрим аймағында сурет салдырды, сыйлық таратылатын алаңда мерекелік тартулар алды. Сонымен қатар калейдоскоп стиліндегі фотобекетте естелік суретке түсіп, жасанды интеллект көмегімен фотосуреттерін өңдету мүмкіндігіне ие болды.
Мерекелік бағдарламаның екінші бөлігінде сахналық қойылым мен ресми марапаттау, сыйлық тарту бөлімі өтті.







