100 жылдық мерейтой қарсаңында композитордың қолжазбалары көрсетілді

2 517

Фото:© rg.ru2026 жылғы 10 - шы наурызда көрнекті композитор Александр Зацепин 100 жасқа толды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оның әуендері «Кавказ тұтқыны», «Ы операциясы», «Гауһар қол» секілді әйгілі фильмдерде, сондай-ақ басқа да кинокартиналарда шырқалған. Оның әндерін бірнеше буын ұрпақ тыңдап өскен. Өткен ғасырдың 50-жылдарының басында композитор Алматы мемлекеттік консерваториясында (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) білім алып, белгілі композитор Евгений Брусиловскийдің жетекшілігімен композиция мамандығын меңгерген. Дәл осы кезеңде оның «Қазақфильм» киностудиясымен шығармашылық байланысы басталып, сонда «Біздің сүйікті дәрігер» фильміне музыка жазған.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры кітапханаларының қорларында Александр Зацепиннің қолжазбалары мен дипломдық жұмысы сақталған. Бүгінде маэстро шығармашылық қызметін жалғастырып, тыңдармандарын әлі де қуантып келген.  

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.