Алматылық шебер елу бес жыл ішінде 2,5 мыңнан астам домбыра жасаған

2 671

Фото: akbobek.education: UGCАлматылық шебер 55 жылда 2,5 мыңнан астам домбыра жасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сондықтан қазақтың қара домбырасы мен Жолаушы Тұрдықұловтың есім-сойы қатар аталуы заңдылық. Ұлттық аспапқа үн бітірген шебердің еңбегі күйшілер мен әншілер арасында үлкен сұранысқа ие. «Қазақтың Страдивариі» атанған шебермен тілдесіп қайтқан тілші сюжетіне кезек берейік. Мына қол талай ағашты сүріп, шанақты иді. Шегін тартып, тиегін түйді. Тіпті, станокта қалып, саусақтарын жарақаттап алғаны бар. Бірақ бәрібір де Жолаушы аға ерте кезде бойға сіңген сүйікті ісінен бір сәт те қол үзген емес. «Аспаптың жаны – ол дыбысы», - дейді шебер. Домбыраға қоңыр үн беру үшін өзі түйсікке жүгінеді. 

Жолаушы Тұрдықұлов, домбыра жасау шебері: - Интуитивті түрде, сезімі арқылы табу керек. Жылдар бойы тәжірибе арқылы келетін нәрсе бұл. Сезім. Ағашты тыңдай білу керек, ұстап білу керек, дыбысын тыңдап көру керек деген сияқты.





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.