«Астана Операда» жұлдызды құраммен «Травиата» операсы өтті
«Астана Опера» театрында Джузеппе Вердидің «Травиата» операсы қойылып, әртістерге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ықылас гүлі табысталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
«Астана Опера» театрында Джузеппе Вердидің «Травиата» операсы ерекше құраммен ұсынылды. Виолетта Валери партиясын сопрано Мария Мудряк орындады. Бұл рөл оның шығармашылық өмірінде маңызды орын алады: дәл он жыл бұрын ол осы рөлде «Астана Операда» дебют жасаған еді, және уақыт ішінде Виолетта образында жаңа эмоциялық және драмалық қырларын көрсетті.![]()
Альфред Жермон партиясын алғаш рет испандық тенор Жоэль Прието орындады. Бұл әнші үшін жаңа рөлдегі дебют қана емес, Қазақстанға жасаған алғашқы сапары болды. Жоэль Прието Ковент-Гарден, Ла Скала, Париж ұлттық операсы және Зальцбург фестивалі сияқты әлемдік сахналарда өнер көрсеткен тәжірибелі орындаушы.
Жорж Жермон рөлін Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Талгат Мұсабаев сомдап, қойылымның драмалық күшін арттырды. Дирижерлік пультте италиялық маэстро Джузеппе Акуавива болды. Сонымен қатар сахнада «Астана Опера» театрының хоры, миманс әртістері және симфониялық оркестрі өнер көрсетті. Шара көрермендерге кәсіби орындау шеберлігін, драмалық әсер мен опера өнерінің биік деңгейін тамашалауға мүмкіндік берді.







