Домбыра күні аталып өтеді

2 505

фото: www.istockphoto.comБұл – қазақ халқының рухани мұрасы мен төл мәдениетінің басты нышанының бірі саналатын қасиетті домбыраға арналған мереке. Биыл осы атаулы күнге орай Астанада мазмұнды мәдени бағдарлама әзірленген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

2 шілде күні сағат 15:00-де Байқоңыр ауданының Қаламгерлер аллеясында Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Бағдарлама аясында «Алтын домбыра» ансамблі қазақтың аспаптық музыкасының таңдаулы туындыларын орындайды. 3 шілде күні сағат 19:00-де Нұржол желекжолында ашық микрофон форматында Dombyra Party өтеді. Күй мен халық әндерін орындауға ниетті кез келген тұрғын қатысып, мерекелік кештің көркін қыздыра алады. 

5 шілде күні сағат 17:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында дәстүрлі «Асыл мұра» концерті өтеді. 

Мәдени кешке еліміздің белгілі өнер қайраткерлері мен дәстүрлі өнер өкілдері қатысады. Сондай-ақ сахнада «Қорқыт» ансамблі, «Шалқыма» би ансамблі, Dala Sound квартеті және Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның хоры өнер көрсетеді. Сол күні елордалық амфитеатрда тұрғындар мен қала қонақтарына жаңа форматтағы мультимедиялық шоу ұсынылады. 

Сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін мұнда балаларға арналған мәдени-ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, түрлі тақырыптық алаңдарда шеберлік сабақтары, шығармашылық белсенділіктер мен интерактивті ойындар өтеді. 

Ал сағат 20:00-де амфитеатрда мерекелік концерттік бағдарлама басталады.