«Той көйлегі қанға боялды»: Жанболат Найзабаев өміріндегі ең ауыр жағдайы туралы айтты
“Өнер қырандары” театрының белді актері Жанболат Найзабаев өмірінде орын алған ауыр жағдайымен бөлісті. Бұл туралы ол Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
”Ұзатуды бітіріп Атыраудан 80-90 шақырым жерде Аққыстау деген Іңкәрдің (әйелі) ауылы. Ұзатуды бітіріп таңертең Құлсарыға қарай шықтық. Атыраудан шыққаннан кейін Доссор деген елді-мекен бар, сол жерге тоқтадық. Көліктің орыны оң жақта. Жүргізуші, сосын қасында жігіт жолдас отыр. Жігіт жолдастың артында мен отырмын, келіншегім ортада, сосын құрбысы отыр. Мен орныма келген кезде құрбысы орын ауысайықшы дейді. 1 сағаттай ұйықтап алайыншы деді. Орын ауысқаннан кейін 20 минуттан кейін болып, 3-4 секундтың ішінде қарап үлгере алмай қалдық. Камазға соғыстық. Біз тежеуішті басамыз, камаз да солай. Камаздың артына кіремін дегенде прицеп аударылады. Оңға ал дейді, соққы қыз жолдас отырған жерден болады”, — деді актер.
Сондай-ақ, одан кейін есінде көп нәрсе жоғын айтты.
”Бұлыңғыр, білмеймін не болып жатқанын. Бір көзімді ашсам келіншегім қолымда, бір көзімді ашсам маршрутта келе жатырмыз. Бір көзімді ашсам ауруханадамыз екен, маңдайымды тігіп жатыр ма бірдеңе. Сонымен тойымыз болмай қалды. Ең қиыны естірту болды, ата-анасына және менің келіншегіме. Келіншегіме 2-3 күнде өтірік айттық, “тірі, тірі” деп. Өйткені, келіншегімнің өзінің басын жыртып жіберген. Киноларда ақ көйлектің қан болатынын көредік едік қой, тура сондай болды”, — деді Жанболат Найзабаев.
Қаз
Рус






