Қытайдағы импорттық тауарлар көрмесінде қазақстандық өнімдер ұсынылды

295
Жұма күні Шанхайда ашылған IV Қытай халықаралық импорттық тауарлар көрмесінде (China International Import Expo) Қазақстанның ұлттық экспозициясы ұсынылды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Экспозиция аясында ұн, ет консервілері, сүт өнімдері, өсімдік майлары, кондитерлік өнімдер мен бал, сусындар және тағы басқа санаттар бойынша отандық тамақ өнеркәсібі компанияларының өнімдері ұсынылды.

Бұған дейін Қытай халықаралық импорт көрмесі (CIIE) директорының орынбасары Сунь Чэнхай «ҚазАқпарат» агенттігіне берген сұхбатында Қазақстанның көптеген тауарлары Қытай нарығында танымал болғанын мәлім етті.

«Жібек жолы» бойында орналасқан және «Қытай-Еуропа» жүк теміржол тасымалдарының маңызды көліктік-логистикалық хабы болып табылатын Қазақстанның Қытай нарығына шығуға мүмкіндіктері мол», - деп атап өтті Сунь Чэнхай.

Оның айтуынша, жәрмеңкелерге қатысу мен онлайн сатылымдардың арқасында Қытай нарығында қазақстандық өнімнің танылуы артқан.