Белгілі ақын «Пандемия» атты поэма жазып шықты

416
Алашқа белгілі ақын, әйгілі манастанушы Баянғали Әлімжанов «Пандемия» атты поэма жазып шықты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Коронавирус біраз елді, зиялы қауымды, қаламгерлерді де тығырыққа тіреді. Осы дерттен біраз ақын-жазушы кетті. Коронавирусты жырына қосып, бебеулегендер де аз емес. Композитор Марат Омаров ән шығарып, онысы жалпақ әлемге тарағаны аян.

Қаламгер қысылтаяң шақты қағаз бетіне түсіріп қана қоймай, сол уақтағы көп жанның жалғыз үміті – дәрігердің жан дүниесіне үңіледі. 

 «Шалықтап, сал-сері боп жүрген елді, Салды ғой бір-ақ сәтте сергелдеңге», – деп жырлайды ақын Баянғали Әлімжанов.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.