Ақмола облысынан құнды жәдігер табылды

555
Ақмола облысынан кейінгі қола дәуірінің жәдігерлері – әшекей бұйымдар мен қыш ыдыстардың қалдықтары табылды, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Кеңөткел қонысы – Ақмола облысындағы ең үлкен қоныстардың бірі. Бұл жер сонау 1980 жылдардан бері зерттеліп келеді. Биыл маусымның 6-нан бастап, археологиялық қазба жұмыстары жүріп жатыр.

Зерттеу барысында археологтар қола дәуірі кезеңіндегі тұрмыстық заттарды тапты.

"Біз алғаш рет шағын пішінді қыш ыдыстарды таптық. Бұл кейінгі қола дәуірі. Мұнда ою-өрнектер жоқ, бірақ ерте темір дәуірінің ежелгі түркі жазбаларына ұқсас жазулар бар. Жалпы, басқа керамикалық ыдыстардағы өрнектер біздің дәуірімізге дейінгі 17-15 ғасырларда осы аймақта өмір сүрген адамдардың дүниетанымы, сенімі мен мәдениетінен хабар береді»", – деді облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының басшысы Жасұлан Үкеев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.