«Алпамыс» операсы жыл премьерасы атанды
400
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамыс» ұлттық операсының премьерасы музыкалық қауымдастықтың ерекше қызығушылығын туғызды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Шетелдік және отандық театр сыншылары 3 және 4 желтоқсанда Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Астана Опера» сахнасында ұсынылған опералық классика інжу-маржанын жоғары бағалады.
Қойылым тобы спектакльге көрермен аудиториясының заманауи қажеттіліктерімен үндес жаңа дем берді.
Ұлттық классиканың мүлдем күтпеген фэнтези стилінде ұсынылуы қазақстандық опера өнерінің тұтастай даму тарихындағы алғашқы тәжірибе болса керек.
Қойылым өте көріністі, технологиялық болып шыққан, сондықтан көрермен қауым оны жанды орындаудағы толықметражды фильм ретінде қабылдады.
Бұл ретте проекциялар бойынша италиялық дизайнер Серджио Металлидің жұмысы орасан зор рөл атқарды, оның шеберлігінің арқасында сахна төрінде от жалындады, құстар ұшты, дала табиғаты мен хан сарайының керемет көріністері жандана түсті.
Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгуновтың декорациялары мен костюмдері стилі жағынан «Астана Опера» сахнасында суретшілермен жүзеге асырылған алдыңғы 7 жұмыстан өзгешеленді.
Олар опера-фэнтези үшін қызықты шешімдер тапты және спектакльге күрделі декорация элементтерін енгізді, олардың ішінде өзінің түрленуімен әсер ететін көпфункциялы кенеп бар.
Төрт жүз түрлі костюм сан алуан мағына берді – міне, Тайшық ханның жау тайпасы, ол күңгірт түсте берілген, ал мынау ұлттық нақышты жеткізетін ұлттық костюмдер.
Жалпы алғанда, тұтастай қойылым нышандарға толы, солардың ең бастысы – Алпамысқа жауды жеңсін деп Жер ана ұсынған семсер.
Кәукен Кенжетаевтың либреттосында қаһармандық эпизодтардың көптігіне қарамастан, лирикалық тақырыптар шайқастардан, басқыншылықтардан үстем болды және Ю.Александровтың режиссерлік нұсқасындағы бас кейіпкерлердің махаббат көріністері сүйсіндірді.
Бұл жағынан Алпамыс, Гүлбаршын, Қарагөздің дуэттері керемет шықты.
Аталмыш шығармадағы негізгі кейіпкер – Жер ана – әулиеліктің нышаны, ол қойылымға ауқымдылық үстеді, осы арқылы мұның тұрмыстық опера еместігі ұғынықты болды.
Батырдың халыққа бақыт әкеліп, жарқын болашаққа деген үміт отын жандыратын ерліктеріне байланысты мифология элементтері бағындырар биік белестері бар бүгінгі шынайы өмірмен белгілі бір дәрежеде ұштасты.
Режиссердің тағы бір табысы – оқиға желісінің ақын-жырау аузынан баяндалуы, оны Ерлан Рысқали орындады.
Қоюшы режиссер өз рөлдеріне жан-тәнімен беріліп, бойындағы дарынының жаңа қырларын паш еткен орындаушылармен орасан зор жұмыс істеді.
Алпамыс партиясын Ержан Саипов пен Расул Жармағамбетов тамаша сомдап шықты.
Әншілердің жас, тартымды энергиясы көрермен залына таралды, әртістер өздерінің вокалдық әрі актерлік міндеттерін мінсіз атқарды.
Бұл спектакльде Юрий Александров төрт бейнемен әйелдер тақырыбын кеңінен ашты. Қарагөз – керемет сопрано Салтанат Ахметова мен болашағы жарқын әнші Әсем Сембина жауапсыз махаббат үшін ерлікке бел буды.
Әншілер өз кейіпкерін Шекспир драмасына тән паш етті. Гүлбаршын бейнесін сахнада Айгүл Ниязова мен Жамиля Жарқымбаева сомдады, әрбір әншінің өзіндік махаббат тарихы болды, әртістер тағдырдың барлық қиыншылығы мен ауыртпалығын бастарынан өткерді.
Сиқырға толы үшінші әйел кейіпкер – Мыстанды – Бибігүл Жанұзақ пен Гүлжанат Сапақова мәнерлі жеткізді. Жер ана – Салтанат Мұратбекова, Татьяна Вицинская – осы бір қиын рөлді алты метрлік биіктікте тұрып керемет орындап шықты.
Жағымсыз кейіпкер Тайшық ханды Жанат Шыбықбаев, Шыңғыс Расылхан өте шынайы сомдады, залдағы көрермен оның қатыгездігіне бірден сенді.
Сондай-ақ Кейқуат – Әлихан Зейнолла, Абылай Бекен, Қараман – Бейімбет Таңарықов, Ұлтан – Рамзат Балакишиев те өз партияларын тамаша орындады.
Партитура бойынша ғаламат жұмыс жасаған қоюшы дирижер Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен «Астана Опера» симфониялық оркестрінің орындауында нағыз театр композиторы Еркеғали Рахмадиевтің қосалқы мәтіндері мен кейбір ерекшеліктеріне қанық таңдаулы музыкасы жаңа бояуларға ие болды.
Бұл спектакльде хор мен балеттің қатысуымен өтетін көпшілік көріністер жаңашыл әрі серпінді көрінді, әр қимылды қоюшылар, олардың қатарында бас хормейстер Ержан Дәуітов, қоюшы балетмейстерлер Тұрсынбек Нұрқалиев пен Ғалия Бөрібаева жақсы ойластырған.
Сірә, композитордың қызы Найля Рахмадиева кеңесші болғандықтан, операның музыкалық бөлігі ең жоғары деңгейде ұсынылды.
Алпамыс тұтқыннан босап шығып, жауыз ханды тақтан тайдыратын және жақсылық жеңіске жететін мықты, сауатты құрылған финал шын мәнінде салтанатты болды.
Қойылым бір демде өтті, театр сүйер қауымның пікірінше, ол жыл премьерасы деп танылды.