Шымкентте VIP нөмірлерден түскен 44 млн теңгеден аса қаржы мемлекет қазынасына құйылмаған

426

Фото: polisia.kzШымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен салықтар және бюджетке төленентін басқа міндетті төлемдердің толық есептелуін, бюджетке төленуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік баждар мен алымдардың төленуіне үнемі бақылау жүргізіліп отырады.


 Жақында уәкілетті органға тексеру жүргізу барысында 148 көлік иесіне жоғары сұраныстағы (VIP нөмір) мемлекеттік тіркеу нөмірі берілгені оның жалпы құны 44,4 млн теңгені құрғаны, алайда қаржының мемлекет қазынасына түспегіні анықталған.


 Одан бөлек, 130 көлік иесінен механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін алынатын 123,2 млн теңге алым бюджетке түспеген. 


Сонымен қатар, қызмет бабымен көшіп келушілерден Қазақстан Республикасы аумағына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін 155,1 млн теңге жеке табыс салығы да бюджетке түспеген. 


Жалпы мемлекеттік бюджетке барлығы 320,0 млн теңгеден аса қаржы түспей отыр, деп хабарлайды ведомство өкілдері. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.