Елімізде ірі қара мен ұсақ малды шетелге әкетуге тыйым салынбақ

1 771
Қазақстан аумағынан ірі қара мен ұсақ малды шығаруға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің бірлескен бұйрығында жазылды.


Қазақстан Республикасының аумағынан аналық ірі қара малды және аналық ұсақ малды әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған бірлескен бұйрықта.

Салынуы мүмкін экспорттық шектеуді іске асыру мен қадағалау Ауыл шаруашылығы және Қаржы министрлігінің тиісті комитеттеріне жүктеледі.

Құжатты ашық талқылау 9 наурызға дейін жалғасады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.