1 маусымнан бастап еліміздің ұлттық монеталары онлайн сатылымға шықпақ

1 506

Қазақстан Ұлттық банкі интернет-дүкен арқылы алтын мен күмістен дайындалған коллекциялық монеталар сатылымы басталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Аумақтық филиалдарда келушілердің кезектік ретін ұйымдастыру үшін интернет-дүкенде келу күні мен уақытын белгілеу функциясы іске қосылды.


Аумақтық филиалға баратын күн мен уақытты белгілеуге берілген сілтемесі бар тапсырысты растау туралы хабарлама пайдаланушының электрондық пошта мекенжайына интернет-дүкенде монета сатып алғаннан кейін түседі.


Аумақтық филиалға баратын күн мен уақытты пайдаланушының жеке кабинетіндегі «Менің тапсырыстарым» бөлімінде рәсімделген тапсырыс карточкасында белгілеуге де болады.


Тапсырысты аумақтық филиал растағаннан кейін тапсырыс карточкасында күн мен уақытты белгілеу батырмасы пайда болады.


Интернет-дүкен арқылы монета сатып алу, оның ішінде аумақтық филиалдарға бару күні мен уақытын белгілеу функционалымен жұмыс істеу нұсқаулығыпен төмендегі видеода танысуға болады.


Егер аумақтық филиалдың кассасы пайдаланушының белгіленген күні мен уақытында жеке және/немесе заңды тұлғаға қызмет көрсетумен айналысатын болса, онда келушілер өз тапсырысын нақты кезек тәртібімен ала алатынына назар аударамыз.


Коллекциялық монеталарды алып кету жолымен сату кезеңінде монета сатып алушыларға уақытылы беруді қамтамасыз ету үшін курьерлік жеткізу арқылы коллекциялық монеталарды сату уақытша тоқтатылатынын хабарлаймыз.


Сатып алынған монеталар пайдаланушыға тапсырысты растау формасы тексерілгеннен кейін, сондай-ақ жеке куәлігі болған кезде ҚҰБ аумақтық филиал кассаларында беріледі.


Тапсырысты растау формасын пайдаланушының жеке кабинетіндегі «Менің тапсырыстарым» бөлімінен жүктеуге болады.


Сонымен қатар, алып кету арқылы сатылатын монеталарды тапсырыс берушінің өзі келіп алу керек екеніне назар аударамыз.


Монеталар түрлі жеткізу қызметінің курьерлеріне, оның ішінде сатып алушының өтінішімен өзге адамға берілмейді.


Сатылатын монеталар - BUǴY, AQQÝ, BÚRKIT, ÓMIR SHEJIRESI, KIIZ ÚI, JETI QAZYNA, Барыс жылы.