Суару маусымы басталғалы 12 мың шаруаға екі млрд текше метр су берілді
Елімізде суару маусымы басталғалы 12 мыңға жуық шаруаға 2 млрд текше метр су берілді. Бүгінгі таңда вегетация кезеңі штаттық кестеге сай өтіп жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Қазсушар» мекемесі биыл 790 мың гектардан астам ауылшаруашылық алқабын суаруға 12 млрд текше метр су жіберуді жоспарлап отыр.
Оның ішінде 7,3 млрд текше метрі оңтүстік өңірдің егістіктеріне жұмсалады.
Кәсіпорын филиалдары биыл дихандармен су беру бойынша 18758 келісімшарт жасады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 32%-ға артық.
Суару маусымына дайындық аясында 83 гидробекет жөнделіп, қалпына келді.
Сонымен қатар 775 гидробекет аттестациядан өтті.