Қазақстандықтардың жан басына шаққандағы шығыны 206 мың теңгеге жетті

295
Қазақстанда жан басына шаққандағы шығын бір жылда 27 мың теңге артты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Ranking.kz сарапшыларының мәліметінше, 2021 жылдың үшінші тоқсанында жан басына шаққандағы шығын 206,4 мың теңгеге жетті – бір жыл бұрынғыға қарағанда 15%-ке артқан.

Мысалы 2020 жылдың дәл осы кезеңінде шығын 179,5 мың теңгені құрады.

Сарапшылардың айтуынша, өңір бойынша Алматы тұрғындарының шығыны айтарлықтай артқан. 2021 жылдың үшінші тоқсанында 278,4 мың теңге болды, бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 9,1%-ке көп.

"Ең көп шығын шығаратын өңірлер арасында Қарағанды облысы (жан басына шаққанда 269,3 мың теңге) мен елорда (252,4 мың теңге) бар", - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ шығын көлемі Түркістан облысында да артқан: бір жылда бірден 26%-ке артып, 141,5 мың теңгеге жетті.

"Жан басына шаққандағы шығын айтарлықтай артпаған аймақ қатарында Атырау және Маңғыстау облыстары бар – әр өңірде бір жылдағы өсім 5,7% болып, 167,5 мың теңгеге және 163,6 мың теңгеге жетті", - деп хабарлады сарапшылар.

Халық шығынының 93,3%-і – тұтынушылық шығын. Бұл бір жылда 15,5%-ке артып, 192,5 мың теңгеге жетті.

Оның ішінде азық-түлік тауарларына 109 мың теңге, азық-түліктен басқа тауарға 51,3 мың теңге, ақылы қызметтерге 32,2 мың теңге жұмсайды.

Кредит пен қарызды төлеу шығыны 9,8 мың теңгені, туыстарға материалдық көмек және алимент 3,7 мың теңгені, салық және басқа да төлемдер 395 теңгені құрады.