Елімізде алғаш рет бақтақ балығы өсіріле бастады
550
Жамбыл облысында ауыл тұрғындары алғаш рет бақтақ балығын өсіре бастады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бақтақ балығын өсіру қордайлықтар үшін кәсіптің жаңа түрі. Бірінші болып бұл іске жергілікті тұрғын Рамазан Харсанов кіріскен. Ол бизнес жоспарын жергілікті әкімдікке ұсынып бірден қолдау тапты. 4 гектар жерді кезексіз алды. Кәсіпкер 300 миллион теңге инвестиция салып өзенге 10 мың шабақ жіберді. Шаруа Шу өзенінің бойындағы бұлақ суларын пайдаланып отыр. Бүкіл отбасы мүшелері таңнан кешке дейін балық бағады. Біз барғанда кәсіп иесі іс-сапармен Түркияда жүр екен.
Ағып жатқан су он шақты бассейндерге бөлінген. Әр бөлігінде әртүрлі көлемдегі балықтар өсіріледі. Шабақтарды сатып алу қымбатқа түседі. Сондықтан қазір қосымша инкубациялық цех салынып жатыр. Шаруа шабақтарды өзі шығармақ. Жалпы бұл шаруашылықта жылына 40-45 тонна балық өсіруге мүмкіндік бар. Бизнестің бұл түрінің потенциалы жоғары.
Бұл туралы шетелде жүрген кәсіп иесі бейне байланыс арқылы айтып берді. Қазіргі таңда, Шу өзенінің бойындағы Сортөбе, Масаншы, Аухатты, Бетқайнар ауылдарының халқы осы іске бет бұра бастаған.

"Күніне екі рет жем шашам. Таңертең және кешкісін. Мөлшерден көп қоректендіруге болмайды. Бұл балықтар өте нәзік. Суды тұрақты оттегімен қанықтырып тұру аса маңызды. Ол үшін арнайы қондырғылар тәулік бойы жұмыс істеп тұрады. Оны қадағалау менің мойнымда", - деді жұмысшы Саид Фаров.