Пайдаланылмайтын жерді мемлекет меншігіне қайтаруға шара қабылдануда

456
«Халықты жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында Министрлік пайдаланылмайтын жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауда,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық жерде ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланудың ғарыштық мониторингі енгізілді. Ғарыштық мониторингтің алдын ала нәтижелері бойынша республика бойынша 22,4 млн гектар ауыл шаруашылығы жері, оның ішінде 1,1 млн гектар егістік және 21,3 млн гектар жайылым бар екендігі анықталған болатын. Олардың 3,2 млн гектары мемлекеттік меншікке қайтарылды, мұның 3 млн гектары – жайылымдық, 223 мың гектары – егістік жерлер.
 
Үкімет отырысында
 «Жер заңнамасына пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін тексеру кезеңдері мен оларды алып қою мерзімдерін қысқарту (2 жылдан 1 жылға дейін) және ғарыштық мониторинг әдісін қолдана отырып, байланыссыз бақылау процесін автоматтандыру жөнінде түзетулер қабылданды. Сондай-ақ, міндетіне жауапсыз қарайтын жер пайдаланушыларды пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерінен өз еркімен бас тартуға экономикалық тұрғыдан мәжбүр ету мақсатында Салық кодексінде пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлеріне арналған салық мөлшерлемесін 10-нан 20 есеге дейін ұлғайту көзделген»,-деді Е. Қарашөкеев.


 Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл наурыз айында ауыл шаруашылығындағы субсидиялау жүйесін жетілдіру бойынша түпкілікті өзгерістер топтамасы Үкіметтің қарауына енгізілетіндігі де аталып өтті.