Қазақстан экономикасының жай-күйі қалай?

216

Фото: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/activities/6659Жыл басынан бері Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 3,1 процент болды. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі sputnik.kz ке сілтеме жасап.

"Осы жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,1%-ті құрады. Нақты сектордағы өсім 3,3% болды. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 2,3%-ке өсті", - деді Қуантыров үкімет отырысында.
Салалар арасында құрылыс, ақпарат және байланыс, көлік және қоймалау, сауда, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндіру өнеркәсібі оң өсім қарқынын көрсетіп отыр. Негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқыны 5,7%-ке дейін жеделдеді.
Қаңтар-шілдеде сыртқы сауда тауар айналымы 36,9%-ке өсіп, 74,3 миллиард долларды құрады. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 52,9%-ке өсіп, 48,9 миллиард долларға дейін жетті. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 35,7%-ке ұлғайып, 14,3 миллиард доллар болды.
Тауарлар импорты 25,3 миллиард долларды құрады. Жалпы, оң сауда балансы 23,6 миллиард долларға тең.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.