Елімізде оқушыларды тәрбиелеу жоспарына ұлттық ойындар енгізілді

1 687

Қазақстанда мектеп оқушыларын дамыту жоспарына ұлттық ойындар енгізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының тәрбие жұмысын арттыру мақсатында жаңа оқу жылына орта білім беру ұйымына арналған "тоғыз айға тоғыз іс-шара" жоспары ұсынылды.


Ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаевның айтуынша , оқушылар тоғыз түрлі іс-шараға қатысады.


"Жоспарды іске асыру – жылдың наурыз айында оқушылар арасында өткізілген "Күй күмбірі" республикалық домбырашылар челленджінің жалғасы. Барлық іс-шаралар ұлттық құндылықтар негізінде бақылау процесіне бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталған", – деді Тыныбаева.


Айта кетейік, іс-шаралар келесі тәртіпте өткізіледі:


Қыркүйек – "Дене шынықтыру минуты"

Қазан – "Әнұран айту"

Қараша – "Асық ойнау"

Желтоқсан – "Шығарма жазу: Болашаққа хат"

Қаңтар – "Қазақ есебі"

Ақпан – "Оқуға құштар мектеп"

Наурыз – "Домбырашылар"

Сәуір – "Тоғызқұмалақ, шахмат ойыны"

Мамыр – "Жасыл мекен".

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.