Оқушыларға аттестатпен қатар жұмыс біліктілігі дипломы берілмек

1 346

Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев 1 қыркүйектен бастап арнаулы орта білім беру саласында жаңа жүйе іске қосылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды ақпарат агенттігі.



«Биыл алғаш рет колледждерде 10-11 сынып оқушыларына арналған эксперименттік білім беру бағдарламалары бойынша қабылдау жүргізілді. Нәтижесінде 270 оқушы қабылданды. Олар 1,5 жылдан кейін білім туралы аттестатпен қатар жұмыс біліктілігі бар диплом алып шығады», - деді Қасымхан Сенғазиев Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.


Білім басқармасы басшысының мәліметінше, елордада 33 колледж бар. Онда 75 мамандық және 122 біліктілік бойынша кадр даярланады. Биыл елорда колледждерінде оқуға 11 937 өтініш тсүкен.


Айта кетейік, бүгін елордада жаңа оқу жылына дайындық барысы пысықталды. Қалалық білім басқармасының басшысы білім беру ұйымдары қауіпсіздік құралдарымен толық қамтылған деп сендірді.


Сондай-ақ брифинг барысында мектепке құжат тапсырып үлгермеген жағдайда не істеу керектігі түсіндірілді.