ҰБТ тапсыратын оқушылар жоғары оқу орындарында қосымша сабаққа қатысуға мүмкіндігі бар

432
Оқушылардың білімін толықтыру және олқылықтарды жою бойынша жоғары оқу орындары, колледждермен ынтымақтастық туралы кешенді жоспар әзірленді.
«Көптеген ата-ананы мектепті бітіруші сынып оқушыларын қорытынды аттестациялауға, ҰБТ-ға дайындау мәселесі толғандырады. Осыған байланысты мектептерде сабақтан тыс уақытта 15 баладан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту ұйымдастырылыған. Сонымен бірге, білім алушылардың білімін толықтыру және олқылықтарды жою бойынша жоғары оқу орындары, колледждермен ынтымақтастық туралы кешенді жоспар әзірленді», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Имангазинова.
            Оның айтуынша, Еуразия ұлттық университеті, Қазақ агротехникалық университеті базасында онлайн платформа жұмыс істейді. 
Ол кезде оқушылар математика, химия, физика пәндері бойынша қосымша сабақ ала алады.