Елімізде 3,1 миллионнан астам оқушыны жазғы демалыспен қамту жоспарлануда
Елімізде әр түрлі санаттағы мектеп жасындағы 3,1 млн-нан астам бала жазғы демалысын тиімді өткізе алады, бұл жалпы оқушылардың 88%-дан астамы, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Естеріңізге сала кетейік, уәкілетті мемлекеттік органдармен балаларды сауықтыру орталықтарының тізілімі бекітілді. ІІМ, ДСМ, ТЖМ, МАМ, ТСМ, ҒЖБМ, ЕХӘҚМ және ЭТРМ-мен бірлесіп заңнамалық нормаларды, бағдарламаларды, сондай-ақ мониторинг пен бақылауды қамтитын іс-шаралар жоспары қабылданды. Биыл алғаш рет лагерьлердің барлық түрі үшін бірыңғай талаптар әзірленді, қосымша білім беру волонтерлері мен педагогтері лагерь жұмысына тартылды, лагерьлерді қабылдау мен нұсқамалық өткізудің республикалық мониторингі құрылды.
Қаз
Рус






