Мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналары мен педагогтерге арналған бейімделген бағдарлама әзірленіп жатыр

2 542

gov.kzҚазақстанның ұлттық заңнамалық базасы, оның ішінде «Бала құқықтары туралы» және «Білім туралы» заңдар – бұл балалардың бақытты әрі қауіпсіз балалық шағы құрылатын құқық қорғау саласы. 2022 жылдан бастап енгізіліп жатқан Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа моделі оң нәтижесін беруде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Тәрбие процесін ойын және әртүрлі іс-шаралар арқылы ұйымдастыру балалардың физикалық, интеллектуалдық және жеке дамуына оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар, балаларды ерте жастан тәрбиелеу мәселелері бойынша педагогтер мен ата-аналарға арналған бейімделген бағдарлама әзірленіп жатыр. Бағдарлама контенті мәдени дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарды ескере отырып жасалады», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова ОКҚ алаңында.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.