1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары 100% тегін тамақпен қамтылмақ

1 337

1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылмақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Республика бойынша тегін тамақтану құны орта есеппен 577 теңгені құрайды. Ең жоғары баға Алматы қаласында - 800 теңге.


"Алдыңғы жылдары 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамту 56,6% құрады. Бұл Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Атырау облыстарының оқушылары. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қалған өңірлердің оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді, жаңа оқу жылынан бастап 100% көрсеткішке қол жеткізіледі", - деді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма басшысы Дана Мақтаева.