Түркістанда алғашқы «Жайлы мектеп» ашылды

2 227

Фото: Оқу-ағарту министрлігіТүркістанда алғашқы «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Білім ұясы 2 мың оқушыға арналған. Оның ашылу салтанатына облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен білім саласының ардагерлері қатысты. Төртқабатты ғимарат Жаңа қала аумағында бой көтерді. Мұнда балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Салтанатты ашылу рәсімінде аймақ басшысы Дархан Сатыбалды ұлттық жобаның өңірдегі апатты және үш ауысымды мектеп мәселесін шешетінін жеткізді. 

Дархан Сатыбалды, облыс әкімі: - Саны жағынан ең көп «Жайлы мектептер» біздің Түркістан облысында салынып жатыр. Жалпы жоспармызда 63 осындай «Жайлы мектеппен» қамтамасыз ету. Қазіргі таңда 29 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Соның ішінде, міне, 2 мың орындық ең үлкен мектептің біреуі іске асып отыр. Осы мектептен де ертеңгі күні Түркістан обылсының мақтаныштары шыға береді деп ойлаймын. Құтты болсын!

 Мектептің физика, химия, биология кабинеттері заманауи оқу құралдармен жабдықталған. Оқушылардың жан-жақты дамуы үшін спортзал, шеберлік кластары, зертханалар мен демалыс аймақтары бар. Бастауыш пен жоғары сынып оқушылары жекелеген блоктарда оқиды. Инклюзивті кабинеттер, пандустар, жеделсатылар орнатылды.