Жаңа оқу жылында 200-ден астам мектеп салынады
Білім беру инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Келесі оқу жылында 200-ден астам жаңа мектеп ашылады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
2025–2026 оқу жылында 300 мыңнан астам оқушы орнына есептелген 200-ден астам жаңа мектеп салу жоспарланып отыр. Соның ішінде 206 мың оқушы орнына арналған 112 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында пайдалануға беріледі. Жаңа мектептердің жартысына жуығы ауылдарда орналасады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бірыңғай заманауи мектеп инфрақұрылымы форматына көшу үшін 2029 жылға дейін 1231 мектепті жаңғырту бағдарламасы басталады. Биыл 248 мектеп реновациядан өтеді. Бұл мектептерде шатырлар ауыстырылып, қасбеттер мен терезелер жаңартылады, инженерлік желілерге күрделі жөндеу жүргізіліп, аумақ көгалдандырылып, абаттандырылады.