Балалар ғылыми музейінің құрылысы талқыланды

2 385

Фото: Алматы қаласы әкімдігіЖоба Сингапур Ғылым орталығы және музейлік экспозициялық шешімдер әзірлеу саласында бай тәжірибесі бар Kingsmen Exhibit PTE LTD компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қала әкімі Алматыда Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан ірі ғылыми-білім беру жобаларының бірі – Балалар ғылыми музейінің құрылыс барысымен танысты. Бұл бастама Қазақстандағы алғашқы интерактивті кеңістік болмақ. Ол балалардың ғылым, технология, инженерия және математика салаларына (STEM) деген қызығушылығын ерте жастан дамытуға бағытталған.

Қазір нысанда бұзу жұмыстары аяқталып, техникалық сараптаманың қорытындысына сай құрылымдарды күшейту жұмыстары басталды. Құрылыс барысын Алматы қаласы әкімдігінің салалық басқармалары мен білім беру, сондай-ақ ESG-интеграция салаларындағы халықаралық сарапшылар бірлесе қадағалап отыр.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.