БАЛАБАҚШАДАҒЫ СОРАҚЫЛЫҚҚА БАСҚАРМА ЖАУАП БЕРЕ МЕ?
Қызылордада жеке балабақшада тәрбиешінің балаға қол көтерген сәті түсірілген бейнежазба тарады. Бұл оқиға қоғамды дүр сілкіндіріп, білім беру жүйесіндегі бақылаудың әлсіздігін ашып берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Желіде тараған жазбада тәрбиешінің кішкентай балаға қол көтергені анық көрінеді. Кейін белгілі болғандай, бүлдіршін жабық ми жарақатын алып, аурухананың нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылған.
Оқиға бойынша балабақша меңгерушісі жағдайды ақтап алуға тырысып, "тәрбиешінің қолындағы таяқ үлкен емес, қаламдай ғана таяқ" деп түсіндірді. Сондай-ақ "бала керуеттен емес, жанындағы тепшектен құлаған" деген ақпарат таратты. Бірақ бейнежазба қоғамдағы ашу-ызаны баса алған жоқ.
Қызылорда қалалық білім бөлімі бұл оқиғаға байланысты ресми түрде:
Облыстық білім басқармасының бұл мәселеге үнсіздігін желі қолданушылары сынға алуда.
Балалар құқығын қорғаушы Жақсыгүл Тоғанованың айтуынша:
Заңгерлердің пікірінше, бұл жағдайда тек тәрбиеші ғана емес, балабақша басшылығы мен қадағалаушы мекемелер де жауапқа тартылуы тиіс. Өйткені Қылмыстық кодекспен қаралатын ауыр құқықбұзушылық орын алғанын алға таратуда.
Бұл оқиға – бір ғана тәрбиешінің әрекеті емес, білім беру саласындағы жүйелік кемшіліктің көрінісі. Балаға қол көтеру фактісінің өзі – қоғам үшін дабыл. Басты сұрақ әлі де ашық тұр:
Ал баланың құқығы аяққа тапталғанда, білім басқармасы неге үнсіз қалды?
КҮНЕКЕЙ







