Алматыда коронавирус шыққан жатақханадағы студенттер үйіне қайтарыла ма

433
Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифинг барысында студенттер жатақханадан шығарылмайтынын айтты.

«Алматы бас санитария дәрігерінің қаулысы күшіне енді. Ол бойынша 1-курс студенттері офлайн оқи алады, бұл жатақханада тұруға да қатысты. Сабақ оқуға мүмкіндігі және тұратын жері жоқ студенттер барлық санитарлық норманы сақтай отырып жатақханада қала береді», - деді ол.

Сонымен қатар, ол қазір қалада вирустың мутацияға ұшыраған британиялық және оңтүстікафрикалық штаммдарының белгілері анықталғанын атап өтті. 

Оның қауіптілігі сол, ол бұрынғыдан екі есе тез тарайды. Сондықтан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет. Бұған дейін жатақханада тұратын үш студенттен коронавирус анықталғанын жазған болатынбыз.