Білім министрінің жаңа бұйрығы ҰБТ өзгеріс енгізеді

443
Білім және ғылым министрінің ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу тәртібіне өзгеріс енгізетін бұйрығы шықты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
 
Құжаттың жаңашылдығы ҰБТ-ға қатысу туралы өтініш беру және ҰБТ өткізу мерзімдерін қамтитынында. Сондай-ақ, тест тапсырушының сынаққа кірген кезде өзімен бірге алып кіруіне тыйым салынатын заттардың қатары көбейіп отыр. Олар:

- Мобильді байланыс құралдары (ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Ipad), iPod (iPod), смартфондар, рациялар; 

- Ноутбуктер, плеерлер, модемдер (мобильді маршрутизаторлар);

- Смарт сағат, сымды құлаққаптар, сымсыз, микро құлаққаптар, сымсыз бейнекамералар, GPS (ДжиПиЭс) навигаторлар, GPS (ДжиПиЭс) трекерлер, қашықтан басқару құралдары және басқа ақпарат алмасу құрылғылары.

Талаптарды орындап тестілеу орнына кіргеннен кейін :

- тестілеу жүйесіне кіру үшін логин мен парольді көрсету;

- компьютерге орнатылған алдыңғы камералар арқылы адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасын авторизациялаудан өту;

- "ҰБТ тестілеу" интерфейсін ашу;

- тест тапсыратын тідін таңдау, 

- бейіндік пәндер комбинациясын таңдап, дұрыс таңдауды растаңыз;

- ҰБТ тапсыруға кірісу.

Сондай-ақ, ҰБТ өткізу пунктінде электр қуаты өшірілген жағдайда немесе тестілеу жазбасы жүргізілмейтін басқа да форс-мажорлық жағдайлар кезінде тестілеу уақытша тоқтатылады және тестілеу процесін тоқтата тұру және ауыстыру туралы акт жасала отырып, басқа күнге ауыстырылады.

Министр бұйырығындағы тағы бір өзгеріс тестілеу кезіндегі үзілістерге қатысты. Атап айтсақ, тестілеу басталғаннан 120 минут өткен соң берілетін үзіліс 15 минуттан 3 минутқа дейін қысқартылды.

Көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мұқтаждығы бар балаларға тестілеу кезінде қосымша 40 минут беріледі. Тестілеудің әдеттегі ұзақтығы – 240 минутты құрайды.