АҚШ-та балалар қазақ тілін меңгеруде

721
«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Әсел Әбілдаева Qazaq Community California аясында балаларға Қазақстан тарихы мен қазақ тілін үйретуде, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Менің ойымша, шетелде тұратын отандастарым, әсіресе балалар ана тілін, мәдениетін, халқының тарихын білуі керек.  Балалар қазақ тілін, еліміздің тарихын қуана оқиды. Мен оларға ұлы бабаларымыз, хандарымыз, батырларымыз туралы әңгімелеймін және  қазақ жазушыларының, ақындарының, ғалымдарының өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстырып отырамын. Көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, ғалым-реформатор, қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында балалармен бірге таныстырылым өткізіп, ұлт ұстазының Қазақстан тарихындағы орны туралы әңгімелестік», – дейді «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Әсел Әбілдаева


Қазір Әсел 7-12 жас аралығындағы 40-қа жуық баланы оқытып отыр. Балалар аз ғана уақыттың ішінде ана тілінде  сөйлеу мен жазуды меңгеріп үлгерді. Балалар ана тілінде бір-бірімен пікірлесіп, өз ойын жеткізе алады. 

«Лос-Анджелес қаласында тұратын қазақ балалары ұлттық салт-дәстүрге, тарихи отанына қатысты барлық ақпаратқа қызығушылық танытады. Мен олардың барлық сұрақтарына жауап беріп, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын одан әрі арттыруға тырысамын», - дейді Әсел.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.